
Алматыда тежегіш жүйесі ақаулы жүк көлігі металл қоршау мен үш ағашты қағып, аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматы қаласында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, тежегіш жүйесінің ақауы салдарынан жүк көлігі металл қоршау мен үш ағашты қағып, содан кейін аударылған. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.
Дереккөз: Inalmaty.kz