...
... Алматы
USD
EUR
RUB

400 адам Панфиловшылар шыңына шығады: Алматыда жаппай өрмелеу өтеді

Алматы альпинизм федерациясы Кіші Алматы шатқалындағы ең әдемі шыңдардың біріне жаппай өрмелеу ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шараға 14 жастан асқан 400-ге дейін тіркелген қатысушы жіберіледі. Маршрут: Медеу – Шымбұлақ (2200 м) – Түйіксу шатқалы (2500 м) – Мыңжылқы шатқалы (3000 м) – Мәншүк Мәметова мұздығы (3600 м) – Мәншүк Мәметова асуы (3850 м) – Панфиловшылар шыңы (4120 м).

Қозғалыс кестесі: 05:30–07:30 — қатысушыларды Шымбұлақ тау-шаңғы курортына шығыр жолымен көтеру; 07:00 — аралық тіркеудің басталуы (Мыңжылқы шатқалы, 3100 м); 12:00 — маршруттың техникалық бөлігіне кірудің жабылуы (3700 м); 14:00 — шыңға шығудың жабылуы; 18:00 — Медеу–Шымбұлақ–Медеу шығыр жолының жабылуы.

Қатысушының старттық пакетіне: естелік кулон, «Пик Героев Панфиловцев» брендті футболка, қатысушы нөмірі, қорғаныс каскасы және шыңда берілетін атаулы сертификат кіреді.

Биыл өрмелеуге 14 жастан бастап 400-ге дейін тіркелген қатысушы жіберіледі (14–15 жас аралығындағы жасөспірімдер тек ата-анасының ертіп жүруімен қатыса алады).

Дереккөз: Almaty.tv