...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 10 мың үйді жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарлануда

Алматыда телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, технология деректерді беру жылдамдығын 10 Гбит/с дейін қамтамасыз етеді. Алматы XGSPON шешімін Wi-Fi 6-мен біріктірген Қазақстандағы алғашқы қала болды.

Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында 80 үй, ал Наурызбай және Әуезов аудандарында 700-ден астам үй жаңа инфрақұрылымға қосылған.

2026 жылы 10 мың көппәтерлі тұрғын үйді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, подъездерде 40 мың камера орнату және 10 мың пәтерге әлеуметтік тариф ұсыну жоспарлануда.

Қалада сонымен қатар 1 мыңнан астам қоғамдық Wi-Fi нүктесі және 900-ден астам 5G базалық станциясы жұмыс істейді. Жаңа буын ұялы байланысы метроның барлық 11 станциясын қамтыған.

Дереккөз: Almaty.tv