
1 мамырда сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін Абай алаңында (Достық, 56, Республика сарайының алдында) Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік гастрономиялық жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шараға 15-ке жуық мейрамхана мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысады. Олар Қазақстанда тұратын әртүрлі этностардың ұлттық тағамдарын ұсынады. Әр мекеме халықтардың мәдени ерекшеліктері, тарихы және аспаздық дәстүрлерін көрсететін дәстүрлі тағамдарды таныстырады.
Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары Алматыдағы гастрономиялық алуан түрлілікпен танысып, елдегі этностардың мәдени мұрасын жақынырақ біле алады.
Бұл бастама этносаралық келісімді нығайтуға, мәдени өзара іс-қимылды дамытуға және қалада гастрономиялық туризмді ілгерілетуге бағытталған.
Дереккөз: Almaty.tv