Алматыда №32 бағыттағы автобус Науаи көшесімен оңтүстікке қарай келе жатып, Біржан көшесіне жетпей, жол жиегіне тұрған Hyundai Elantra көлігіне соғылды. Күшті соққыдан кореялық седан алдында тұрған Volkswagen Golf-пен соқтығысып, екі көлік Lada 2111-ге тиген. Автобус үш көлікті жолдан арыққа құлатып жіберген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бақытқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус жолаушыларына медициналық көмек қажет болмады, ал тұрақта тұрған көліктерде адамдар болмаған. Автобус жүргізушісі болған оқиғаны қысқаша түсіндірді: «Жол тар. Сыймадым».
Дереккөз: Zakon.kz