Алматы полициясы вебкам-студияға тінту жүргізіп, сол кезде онлайн-трансляцияға қатысып жатқан қыз бен студия әкімшісін анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының келуі кезінде үй-жайда онлайн-трансляцияға қатысқан қыз бен студия әкімшісі болған. Олардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Тінту барысында компьютерлік техника, бейнетүсірілім құралдары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар алынды, деп хабарлады ведомстводан.
Полицейлер цифрлық кеңістікте анонимділік жоқ екенін еске салды. Интернеттегі кез келген заңсыз әрекет ерте ме, кеш пе ішкі істер органдарының назарына ілігеді.
Бұған дейін аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша іздеуде жүрген 37 жастағы Қарағанды тұрғыны Алматыда бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау жүйесінің көмегімен ұсталғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz