Алматы тұрғындары су құбыры желілерінде жұмыс жүргізуге байланысты суық судың уақытша өшірілетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің Telegram-арнасында 15 шілдеде сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін мына шекараларда суық су беру уақытша тоқтатылатыны ескертілді: әл-Фараби даңғылы – Есентай өзені – Тимирязев көшесі – Ботаникалық бақ аумағы, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағы.
Алматыда сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған сумен жабдықтау желілері мен нысандарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жалғасуда, – деп нақтылады әкімдікте.
«Алматы Су» тұрғындар мен тұтынушыларды қажетті жұмыстарды жүргізуге байланысты уақытша шектеулерді түсіністікпен қабылдауға шақырады.
Дереккөз: Nur.kz