«Қазгидромет» Алматы тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы ескерту жасады. Бұл – қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар зиянды заттардың атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру керек.
Қазақстанның басым бөлігінде 2026 жылғы 15 шілдеде, сәрсенбіде, өте тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттар көптеген өңірлерге найзағайлы жаңбыр әкеледі. Сонымен қатар, елде экстремалды ыстық жалғасып, температура +45°C-қа дейін жетеді.
Дереккөз: Zakon.kz