Алматыда «Жасыл Жер Алматы» жасылдандыру компаниясы қаланың ірі ауданында арнайы техниканы жолға шығарды. Бұл шаралар қаланың санитарлық тазалығын сақтауға көмектесіп қана қоймай, аномальды ыстықтың теріс әсерін азайтады деп сенеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шымкентте де осындай әдіс қолданылуда. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты. Жұмыстар таңертеңнен кешке дейін жүргізіледі.
Бұған дейін қатты ыстыққа байланысты Шымкент әкімі тұрғындар мен бизнесмендерді сумен бөлісуге шақырған болатын.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы мен Шымкентте қатты ыстық әлі де сақталады.
Дереккөз: Zakon.kz