...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді: ТЖМ мәліметі

Бүгін, 29 шілдеде, Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполистегі сезімталдық 2 балды құрады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында Қазақстан мен Қытай шекарасында жер асты дүмпулері тіркелгені туралы ақпарат пайда болды. Бірден әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жер сілкінісін сезгендерін жаза бастады.

Көп ұзамай жер сілкінісі туралы ақпаратты ТЖМ растады. «Сейсмикалық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да жер сілкінісін тіркегені хабарланды.

Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 км қашықтықта орналасқан. Эпицентр координаттары: 41.357 солтүстік ендік, 78.778 шығыс бойлық.

Сезімталдық туралы мәліметтер де белгілі: Алматыда ол 2 балды құрады.

«Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», — деп қосты министрлікте.

Дереккөз: Nur.kz