Үлкен Алматы көлі маңында таудан түсу кезінде туристка аяғынан жарақат алып, өз бетімен жолды жалғастыра алмады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1977 жылы туған зардап шеккен әйелді эвакуациялап, оны ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп тұрған «Аюсай» визит-орталығына дейін түсірді.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әйелді қалалық ауруханаға жеткізді. Алдын ала диагноз — оң аяқтың жабық сынуы, — делінген Алматы ТЖД хабарламасында.
ТЖМ тауға шығар алдында өзінің физикалық мүмкіндіктерін ескеру, қауіпсіз маршруттарды таңдау және байланыс құралдарын алып жүру қажеттігін еске салды.
Бұған дейін Алматы тауларында бес турист құтқарылған болатын.
Дереккөз: Inform.kz