...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жеке үйдің шатырын өрт шалды: зардап шеккендер жоқ

Медеу ауданында бір қабатты мансардалы тұрғын үйде өрт болды. Шоқай көшесінде орын алған өрт туралы ҚР ТЖМ хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер келген кезде жалын ғимараттың шатырын шалып үлгерген. Көршілес құрылыстарға жалынның таралу қаупі болған, алайда құтқарушылар үздіксіз су беруді ұйымдастырып, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт 90 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға кезінде үйде адамдар болмағандықтан, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: Inalmaty.kz