...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында мотоцикл апатқа ұшырады: құтқарушылар 1700 метр биіктікте жаралы жігітті тапты

Алматының Бостандық ауданында, Аюсай шатқалында шамамен 1700 метр биіктікте мотоциклмен апатқа ұшыраған 2005 жылы туған азамат табылып, құтқарушылар оны қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аудан бойынша шыққан кезекші топ аталған биіктікте мотоциклмен жол апатына түскен жігітті байқаған. Оқиға салдарынан зардап шегуші ашық жарақат алған.

Құтқарушылар оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, «Алма-Арасан» экопостсына дейін жеткізіп, одан әрі ауруханаға жатқызу үшін жедел медициналық көмек бригадасына тапсырған.

«Құтқарушылар зардап шегушіге қажетті көмек көрсетіп, оны «Алма-Арасан» экопостсына дейін алып шығып, одан әрі ауруханаға жатқызу үшін жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.