...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мен облыстағы 38 нысан электр жарығынан ажыратылуы мүмкін

Алматы мен Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешендері мен шағын аудандар электр энергиясы бойынша қарыздары үшін жарықтан ажыратылу қаупіне тап болды. 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап басқарушы компаниялары электр энергиясы үшін берешегі бар тұрғын үй кешендерінің борышкерлеріне заң мен шарттарда көзделген шаралар, оның ішінде электр энергиясын беруді шектеу немесе тоқтату қолданылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Компания тұрғындардың назарын төлем түбіртектеріндегі ақпаратқа аударады. Үй иелері өз үйінің қарызын көріп, бақылай алуы үшін 2026 жылдың тамызынан бастап түбіртекке ОСИ, КСК немесе басқарушы компанияның электр энергиясы үшін берешегі туралы қосымша жол енгізілген.

Сондай-ақ компания 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін электр энергиясын тұтынғаны үшін қарызы бар және ажыратуға жататын Алматы мен Алматы облысы бойынша тұрғын үй кешендері мен шағын аудандардың тізімін жариялады:

1. «Medeu city» ТК – 102,18 млн теңге.
2. «Мирас» ТК – 48,51 млн теңге.
3. «Etasa Резиденс» ТК – 40,77 млн теңге.
4. «Meridian Apartments» ТК – 39,48 млн теңге.
5. «Four Seasons» ТК – 28,76 млн теңге.
6. Өжет ТК – 28,40 млн теңге.
7. «София» ТК – 24,83 млн теңге.
8. Ерменсай шағын ауданы – 20,06 млн теңге.
9. Titul town ТК – 19,49 млн теңге.
10. Melody ТК – 18,20 млн теңге.
11. «Есентай Сити» ТК – 18,09 млн теңге.
12. «BeyAzh Trans» ЖШС тұрғын массиві – 14,95 млн теңге.
13. Хан Тенгри ТК – 11,42 млн теңге.
14. «Lancashire» ТК – 10,71 млн теңге.
15. Alatau Golf Residents ТК – 9,90 млн теңге.
16. Biography ТК – 9,13 млн теңге.
17. «Sahon Yard» ТК – 7,89 млн теңге.
18. Таим Сити ТК – 7,25 млн теңге.
19. Каталбаев С.Н. тұрғын үйлері – 6,75 млн теңге.
20. «Асу» ТК – 6,13 млн теңге.
21. Qadam ТК – 5,54 млн теңге.
22. «СО» Кайнар ТК – 5,24 млн теңге.
23. «Ожет Плюс» ТК – 5,16 млн теңге.
24. Мейрам парк ТК – 3,82 млн теңге.
25. Джомиев Х.Н. дача массиві – 3,63 млн теңге.
26. Наурзбеков Б.Н. дачалары – 3,42 млн теңге.
27. «Жардин» ТК – 2,86 млн теңге.
28. Бейсеев А.Е. тұрғын массиві – 2,77 млн теңге.
29. Баганашыл ТК – 2,54 млн теңге.
30. «Serenity park» ТК – 2,45 млн теңге.
31. Bromelia ТК – 2,42 млн теңге.
32. «Дружба-Спорт» ПКСТ – 2,18 млн теңге.
33. «СТ» Алма ПК – 1,75 млн теңге.
34. Алсиеуов К.Е. тұрғын массиві – 1,69 млн теңге.
35. «Тау Самал на Навои» ТК – 649 мың теңге.
36. Абетаев Н.А. су алу мұнарасы – 297 мың теңге.
37. «Таутаган 64» ПТ – 297 мың теңге.
38. «ФорумАйнабулак» ПоК – 44 мың теңге.

Айта кетейік, 2026 жылғы 8 қыркүйекте Алматы мен Алматы облысының тұрғындары электр энергиясы тарифтерінің өсуі туралы ескертілген болатын.