...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мен облыста 38 тұрғын үй кешені электр жарығынан ажыратылуы мүмкін

Алматы мен Алматы облысында 38 тұрғын үй кешені қарыз үшін электр жарығынан ажыратылуы мүмкін. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» хабарлады, деп жазады Almaty.news ақпарат агенттігі.

Компания 14 қыркүйектен бастап электр энергиясы бойынша берешегі бар басқарушы компаниялары бар тұрғын үй кешендеріне заңнамада және электрмен жабдықтау шарттарында көзделген шаралар қолданылатынын, оның ішінде электр энергиясын беруді шектеуге немесе тоқтатуға дейін баратынын мәлімдеді.

Тізімге барлығы 38 нысан енген, олардың қатарында тұрғын үй кешендері, тұрғын және саяжай массивтері бар. Жалпы қарыз мөлшері 519,657 млн теңгені құрайды.

Ең көп қарыз мына нысандарға тиесілі:

  • «Мирас» ТҮК — 48,51 млн теңге;
  • «Etasa Резиденс» ТҮК — 40,77 млн теңге;
  • «Meridian Apartments» ТҮК — 39,48 млн теңге;
  • «Four Seasons» ТҮК — 28,76 млн теңге;
  • «Ожет» ТҮК — 28,4 млн теңге;
  • «София» ТҮК — 24,83 млн теңге;
  • Ерменсай шағын ауданы — 20,06 млн теңге;
  • «Titul town» ТҮК — 19,49 млн теңге;
  • «Melody» ТҮК — 18,2 млн теңге.

Сондай-ақ компания тамыз айынан бастап түбіртектерде ОСИ, КСК немесе басқарушы компанияның электр энергиясы бойынша берешегі туралы ақпарат көрсетілетінін еске салды.

Тұрғындарды шоттарды уақтылы төлеуге, сондай-ақ қарыздың пайда болу себептері мен оны өтеу мерзімдерін нақтылау үшін ОСИ, КСК немесе басқарушы компанияға жүгінуге шақырды.

Бұған дейін 12 қыркүйектен бастап Алматы мен Алматы облысында электр энергиясына тарифтер көтерілетіні хабарланған болатын.

— 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап электр энергиясы бойынша берешегі бар басқарушы компаниялары бар тұрғын үй кешендерінің борышкерлеріне қатысты заңнамада және электрмен жабдықтау шарттарында көзделген, электр энергиясын беруді шектеуге немесе тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылатын болады, — делінген компания хабарламасында.