Алматы тауларында 3680 метр биіктікте төрт туристің бірі аяғын жарақаттап, өз бетінше төмен түсе алмағандықтан, құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қарасай ауданындағы БАП аумағында, 3680 метр биіктікте Алматы қаласының мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары төрт туристке көмектесу үшін шықты.
Анықталғандай, олардың біреуі төмен түсу кезінде аяғын жарақаттап, әрі қарай жүре алмаған.
Құтқарушылар топты кездестіріп, «Едельвейс» шаңғы базасына дейін алып жүруді ұйымдастырды.
Зардап шеккен адам ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылып, кейін қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
