...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда «Қазақфильм» кино паркін ашу жоспарланып отыр

Алматыда отандық кино тарихына арналған «Қазақфильм» кинематографиялық паркінің тұжырымдамасы әзірленуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. Жоба авторлары паркті серуендеуге, демалысқа және отандық киномен танысуға арналған заманауи орынға айналдырмақ.

Жобада тақырыптық аймақтар, серуендеу аллеялары, интерактивті және мультимедиялық инсталляциялар, ашық аспан астындағы кино көрсетуге арналған амфитеатр, балалар кеңістігі мен демалыс аймақтары қарастырылған.

Қазақстандық кино тарихын заманауи форматтар арқылы баяндау ұсынылады. Келушілер отандық кинематографияның дамуы, маңызды фильмдер мен елдің мәдени мұрасы туралы біле алады.

«Парк мәдениет пен қалалық өмірдің тоғысқан кеңістігі ретінде ойластырылған. Мұнда кино көрсету, тақырыптық кездесулер, мәдени іс-шаралар және басқа да оқиғалар өтуі мүмкін. Егер жоба іске асса, Алматыда қазақстандық кино тарихы қызықты, қолжетімді және заманауи түрде ұсынылатын жаңа орын пайда болады», — деді мегаполис әкімдігінде.