Алматыдан Қаскеленге қатынайтын №244 және №257 автобус маршруттарының қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Көлік холдингінің мәлімдеуінше, №244 маршруттың соңғы аялдамасы Қайнар ауылына ауыстырылады, сондай-ақ Қаскелен қаласы бойынша қозғалыс схемасы өзгереді. №257 маршрут бойынша Қаскелен қаласындағы қозғалыс схемасы өзгертіледі.
Бұған дейін №145 және №233 автобус маршруттарының өзгеретіні хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz