...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы прокуратурасы 60-тан астам баланы Шымбұлаққа апарды

Алматы прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында спорттық-профилактикалық шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты — құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, тәртіп пен жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға 60-тан астам кәмелетке толмаған бала қатысты. Ол уәкілетті мемлекеттік органдармен және қызметтермен бірлесіп, таулы-шаңғы курорты «Шымбұлақ» әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында жасөспірімдер «Медеу» спорт кешенінен таулы-шаңғы курорты «Шымбұлаққа» дейінгі арқан жолмен көтеріліп, курорттың жұмысымен танысты.

Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері мен Альпинизм федерациясы таудағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға таулы жердегі мінез-құлық ережелері, ықтимал қауіптер және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ өрт-құтқару техникасы мен арнайы жабдық көрсетілді.

Шара барысында тәртіпті сақтау, өзара көмек, командалық өзара іс-қимыл және қауіпсіз мінез-құлық мәселелеріне ерекше назар аударылды.