Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары электросамокаттарды пайдалану ережелерін сақтауға және жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін қауіпті бұзушылықтарға жол бермеуге шақырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінур Тасыбаевтың айтуынша, соңғы кездері бір электросамокатта бір уақытта екі немесе үш адам жүретін, сондай-ақ үлкен көлемді жүктер тасымалданатын жағдайлар жиілеген.
Полицияда жол жүрісі ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Полицейлер жеке ұтқырлық құралдарын пайдаланушыларды жолдарда тәртіп пен өзара құрмет көрсетуге шақырады.
Бұған дейін 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қазақстандықтарды жол жүрісі ережелерінде қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы хабарланған болатын. Атап айтқанда, жаңа ережелер электросамокаттар мен қозғалтқышы бар велосипедтерге қатысты болады.
Дереккөз: Zakon.kz