...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы орталығында Spar супермаркетінің заңсыз қосалқы құрылысы бұзылды

Алматыда рұқсат құжаттарынсыз салынған Spar супермаркетінің қосалқы құрылысы бұзылды. Нысан Сейфуллин даңғылы, 510а мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, бұған дейін «КБЕ групп» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеру қорытындысы бойынша құрылысқа рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды. Компанияға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Алайда нұсқама орындалмаған соң, материалдар сотқа жолданды.

— Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен басқарманың талап-арызы толық қанағаттандырылды, — деп хабарлады ведомстводан.

Нысан сот шешімінің орындалуы аясында меншік иесі тарапынан бұзылды.

Айта кетейік, Алматыда заң талаптарын бұзып салынған нысандарды анықтау және бұзу жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері қалада осындай 41 нысан толық немесе ішінара бұзылды.