Алматы орталығында тұрақ ережесін бұзған ондаған автокөлік эвакуацияланды, деп хабарлайды қалалық ПД. Алматыда тұрақ ережесін бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда. Кезекті шара Алмалы ауданында эвакуаторлардың қатысуымен өтті. «Қаланың орталық бөлігіне ерекше назар аударылады, мұнда дұрыс қойылмаған автокөліктер жиі кептелістерге себеп болып, көлік қозғалысына кедергі келтіреді», — деп атап өтті ведомствода. Рейд қорытындысы бойынша алғашқы сағаттарда тұраққа байланысты жол қозғалысы ережелерінің 50-ге жуық бұзушылығы анықталды. Арнайы айыппұл тұрағына 28 автокөлік эвакуацияланды. Полицияда көлік қою және тоқтату ережелерін бұзу қозғалысты қиындатып қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екенін еске салды. Жүргізушілерді ЖҚЕ талаптарын сақтауға және көліктерін тыйым салынған жерлерде қалдырмауға шақырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Inalmaty.kz