Алматы облысындағы Алматы — Тонкерис — Байсерке — Межіреченск трассасында қозғалыс 25 тамызға дейін шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 шілдеден бастап Алматы — Тонкерис — Байсерке — Межіреченск автомобиль жолының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.
«Алматы облысындағы Алматы — Тонкерис — Байсерке — Межіреченск республикалық автомобиль жолының 19+300 шақырымында орналасқан көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — делінген компания хабарламасында.
Осыған байланысты 30 шілдеден 25 тамызға дейін аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
«Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде көлік қозғалысы арнайы қарастырылған айналма жолдармен ұйымдастырылады. Жол қозғалысына қатысушыларды хабардар ету үшін учаскеде тиісті уақытша жол белгілері орнатылады», — деп нақтылады «ҚазАвтоЖол».
Дереккөз: Nur.kz