...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы облысында жеке үйдің ауласына кірген көлік қыздың аяғын жұлып кетті

Қарасай ауданы, Көксай елді мекенінде түнгі сағат бір шамасында жеке үйдің ауласына көлік кіріп кетті. Салдарынан бір қыз аяғынан айырылса, екіншісі қабырғасын сындырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы зардап шеккендердің туысы Шолпан Threads әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, көлікті жүргізуші куәлігі жоқ 23 жастағы қыз басқарған.

Көлікте тағы біреу болған-болмағаны белгісіз. Автор алдымен көлік иесі ішінде болған десе, кейін қыз көлікті рұқсатсыз алғанын айтты.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.

Дереккөз: Zakon.kz