...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында ер адам телескопиялық шоқпарды алып өтпек болды

Алматы метрополитенінің қауіпсіздік қызметкерлері вагонға телескопиялық шоқпарды алып кірмек болған ер адамды тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қауіпті затты метроға алып өтпек болған. «Станциялардың бірінде тексеру кезінде полиция қызметкерлері көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен жолаушының сөмкесінен телескопиялық шоқпарды анықтады. Тыйым салынған зат алынды. Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде, азаматтың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», — делінген полиция хабарламасында.

Полиция метрополитендегі қауіпсіздік шаралары жолаушыларды қорғауға бағытталғанын, ал тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері тексеру іс-шаралары барысында үнемі анықталатынын еске салды.

Дереккөз: Nur.kz