Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласында ауадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» мәліметінше, 2026 жылғы 6 қарашада, жұма күні еліміздің төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз — желсіз тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың қосындысы. Олар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.
Болжам бойынша, қолайсыз метеожағдай Талдықорғанда, Павлодарда және Өскеменде күтіледі.
Айта кетсек, 2026 жылғы 5 қарашада қолайсыз метеожағдай Астанада, Алматыда және тағы алты қалада болжанған болатын.
