Алматыда 13 жасар жасөспірім сегізінші қабаттың терезесінен құлап, тірі қалды. Оқиғаға қатысты толық мәліметті қалалық денсаулық сақтау басқармасы 2026 жылғы 6 қарашада хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жасөспірімді жедел жәрдем көлігімен №1 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жеткізген. Аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі Медетали Макулбековтің айтуынша, дәрігерлер бірден шокқа қарсы шаралар мен қарқынды терапияны бастап, ағзаның өмірлік маңызды функцияларын қолдап отырған.
Алғашқы екі тәулікте реаниматологтар жасөспірімнің жағдайын тұрақтандыруға тырысты, кейін оған ота жасалды. Үшінші тәулікте оны реанимациядан травматология бөліміне ауыстырды.
Жалпы алғанда травматологтар мен реаниматологтар төрт ота жасады. Емдеуге хирургтар Адилжан Нуров, анестезиолог Медетали Макулбеков, көмекшілер Абзал Абдикасим және Болат Ермекулы қатысты.
Сонымен қатар Шымкентте дәрігерлер 26 апталық жүктілік кезінде небәрі 840 грамм салмақпен дүниеге келген нәрестені аман алып қалды.
