Қазақстанда инфрақұрылымды дамытудың жаңа бағыты қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату болып отыр. 2025 жылы Астана, Алматы және Шымкентте энергия өндіретін қоқыс жағатын зауыттар салу туралы қытайлық компаниялармен үш инвестициялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, жалпы инвестиция көлемі 293 млрд теңге, яғни шамамен 650 млн АҚШ доллары. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр, нысандарды іске қосу 2028 жылы жоспарланған. Бұл кәсіпорындар полигондардағы қалдықтарды көму көлемін азайтып, бір мезгілде электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің басқа өңірлерінде, атап айтқанда Қарағанды қаласында осындай жобаларды іске асыру мәселесі пысықталып жатыр.
«Жалпы инвестиция көлемі 293 млрд теңге, яғни шамамен 650 млн АҚШ доллары. Дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, нысандарды іске қосу 2028 жылы жоспарланған. Бұл кәсіпорындар полигондардағы қалдықтарды көму көлемін азайтып, бір мезгілде электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің басқа өңірлерінде, атап айтқанда Қарағанды қаласында осындай жобаларды іске асыру мәселесі пысықталып жатыр», – деді ол.
Журналистердің экологиялық талаптардың сақталуы туралы сұрағына вице-министр қоқыс жағатын зауыттардың қызметі басқа кәсіпорындар сияқты жалпы негізде бақыланатынын түсіндірді.
Оның сөзінше, қолданылатын технологиялар еуропалық және отандық баламалармен салыстырылды. Нәтижелер олардың барлық параметрлер бойынша қазақстандық заңнама талаптарына сәйкес келетінін көрсетті. Зауыттардың құрылысы аяқталғаннан кейін олардың қызметін тиісті өңірлердің мемлекеттік экологиялық инспекциялары бақылайтын болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, вице-министр Алматыдағы қоқыс жағатын зауыт тәулігіне шамамен 2 мың тонна қалдықты, Астанада – 1,2 мың тонна, ал Шымкентте – 1 мың тонна қалдықты өңдей алатынын хабарлады.
Бұған дейін экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Қазақстанда бөлек жиналған қоқыстың бір көлікпен әкетілетін жағдайлары жиі кездесетінін мойындаған. Ол бұл мәселені қалай шешуге ниетті екенін айтқан болатын.
