...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында интернетсіз жұмыс істейтін құрылғы сынақтан өтуде

Алматы тауларында туристерге арналған, интернет пен ұялы байланыс қажет етпейтін ерекше құрылғы сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 қарашада оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құтқару қызметтерінің деректеріне сәйкес, Алматы тауларында жыл сайын мыңнан астам іздестіру-құтқару жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар көптеген туристік маршруттарда ұялы байланыс жоқ, бұл көмекке мұқтаж адамдардың нақты орналасқан жерін анықтауды қиындатады.

Жүйе құрылғымен байланыс жағдайын қадағалауға және сигнал жоғалған жағдайда оның соңғы орналасқан жерін тіркеуге мүмкіндік береді. Базалық станция интернет пен ұялы желілерге қосылмай-ақ, дербес жұмыс істей алады.

Алматының негізгі туристік бағыттарында, оның ішінде Алмарасан, Аюсай, Медеу, Кимасар, Көк-Жайлау, Бутаковка және Шымбұлақта жабдық берілетін 12 пункттен тұратын желі құру қарастырылған.

Бүгінде әзірлеме Алматының алты таулы маршрутында, атап айтқанда Турист, Панорама, Букреев және Фурманов шыңдарының аудандарында, сондай-ақ Үлкен Алматы көлінің маңында сынақтан өтті. Тексерулер әртүрлі ауа райы жағдайында, соның ішінде биік таулы учаскелерде жүргізілді.

Сонымен қатар Алматы құтқару қызметімен және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлескен сынақтар өткізілді, оның ішінде ұялы байланыс жоқ аумақтарда да.

2026 жылдың соңына дейін Алматы туристері мен альпинистік қауымдастықтарының қатысуымен пилоттық тестілеуді бастау жоспарлануда. Жобаға Төтенше жағдайлар департаменті, Альпинизм федерациясы және қаланың визит-орталықтары қатысады.

Болашақта технологияны тек қала тауларында ғана емес, Қазақстанның басқа да туристік аймақтары мен бару қиын аудандарында қолдану жоспарлануда.

AG Digital KZ әзірлемесі Алматы цифрландыру басқармасының қатысуымен іске асырылуда.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қарашада Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар тауда адасып кеткен 15 жастағы жасөспірімді тапқаны хабарланған болатын. Кәмелетке толмаған бала өз бетінше походқа шығып, кейін онымен байланыс үзілген. Іздестіру жұмыстарына 114 адам жұмылдырылды.