5–7 қараша күндері еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қатты құбылады: оңтүстікте жылы болса, астанада жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент бойынша бес, алты және жеті қарашаға арналған болжамын жариялады.
Астана:
5 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні секундына 14 метрге жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы -4-6°С, күндіз +7+9°С.
6 қараша: ала бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +2°С, күндіз +9+11°С.
7 қараша: ала бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Жел екпіні секундына 14 метр. Түнде +1+3°С, күндіз +7+9°С.
Алматы:
5 қараша: ала бұлтты, күндіз мезгіл-мезгіл жаңбыр. Күндіз жел екпіні секундына 13 метрге дейін көтеріледі. Түнде +4+6°С, күндіз +11+13°С.
6 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1+3°С, күндіз +16+18°С.
7 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел болуы мүмкін. Түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.
Шымкент:
5 қараша: ала бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, тұман. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +6+8°С, күндіз +16+18°С.
6 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 10 метрге дейін күшейеді. Түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С.
7 қараша: ала бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр. Түнде және таңертең жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.
