Stadler компаниясының 106 жаңа вагоны Астана мен Алматыдан өңірлерге қатынайтын бағыттарда іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Максат Калиакпаров мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі бағыттар Астанадан және Алматыдан өңірлерге бағытталады. Себебі бұл вагондарды бақылау тек осы екі қалада ғана мүмкін.
Вагон паркін жаңарту жоспары туралы 2025 жылдың қараша айында да айтылған болатын.
