Алматыдағы ЖЭО-3 құрылысының ұзаруына екі объективті себеп әсер етті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ансар Айдаровтың айтуынша, бірінші себеп аумақтың геологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктер құрылысты жобалау барысында анықталған.
Оның сөзінше, техникалық-экономикалық негіздеме бүгінде бұзылған нысандар әлі жұмыс істеп тұрған кезеңде әзірленген. Неғұрлым егжей-тегжейлі талдауды EPC-контракт жасалғаннан кейін ғана жүргізуге мүмкіндік болды.
Осының салдарынан құрылыс мерзімі 8-9 айға шегерілді. Соның кесірінен басқа жұмыстардың да мерзімі жылжыды.
Бұл жұмыстарды КЕГОК пен Энергетика министрлігі осы қыста Алматы үшін ең аз тәуекелмен жүргізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, қазіргі ЖЭО-3 аумағында газбен жұмыс істейтін жаңа нысан салынып жатыр. Ал көмірмен жұмыс істеген станцияның ескі бөлігін бұзу жоспарланып отыр.
Бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматының ЖЭО-2 және ЖЭО-3 станцияларындағы жаңа қуаттар құрылысының кешігуіне қатысты пікір білдірген болатын.
