...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда автобус күткен әйелге аялдама шынысы құлады

Алматы тұрғыны автобус күтіп тұрған кезде аялдама павильонының сынған шынысы үстіне құлағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Айым есімді қала тұрғыны Threads парақшасында оқиғаны жариялап, орын алған жерден суреттерін бөлісті. Фотосуреттерде павильонның жанында шашылған сынық шыны мен бірнеше жерінен жыртылған күртеше көрінеді.

«Бүгін Алматыда Мақатаев (Назарбаев) аялдамасында отырып, автобус күтіп тұрдым! Ойламаған жерден үстіме аялдаманың шынысы құлады! Күртеше киіп тұрғаным жақсы болды. Бұл тәртіпсіздікке кім жауап береді? Аялдамадағы шындарды дұрыс бекіту мүмкін емес пе? Бұл адамдар көп жиналатын орын ғой! Егер осы жерде кішкентай бала болса ше?» — деп наразылық білдірді ол.

Жарияланымға Алмалы ауданының әкімдігі жауап қайтарды.

«Біз RTS инвестор-компаниясымен байланысқа шықтық. Компанияның ақпараты бойынша, аялдама павильонының зақымдалған шынысы ертеңгі күнге дейін ауыстырылады. Мамандар оқиға орнында зақымданудың ықтимал себептерін де тексереді. Жұмыс аяқталған соң фотоесеп ұсынылады. Орындалуы бақылауда», — делінген жауапта.