15 тамызда Алматы қаласында, Атырауда, түнде Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» релизіне сілтеме жасап, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — бұл ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластанудың басқа көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
Бұған дейін «Қазгидромет» 15 тамызға арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.
