...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүргізуші бұрылыс кезінде 20 жастағы қызды қағып кетті

Алматыда Mitsubishi көлігінің жүргізушісі батыс бағыттағы даңғылмен келе жатып, Өтеген батыр көшесіне солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жарақат алған 20 жастағы қыз қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Ауэзов ауданының полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерді маневр кезінде, әсіресе қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде мұқият болуға шақырады.

Алматыда соңғы тәулікте жол қозғалысы ережелерінің 1,3 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді.