Алматыда автомобильдерді заңсыз тіркеп, VIN-кодтарын қолдан жасаған қылмыстық топтың 13 мүшесі сот үкімімен жазаланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ көлік құралдарын заңсыз тіркеу және VIN-кодтарын бұрмалау арқылы құқыққа қайшы әрекеттер жасаған.
Сот отырысының қорытындысы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық 13 қатысушысына қатысты үкім шығарылды.
