...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда 3 мыңнан астам жалдамалы пәтер тексерілді: заңбұзушылықтар анықталды

Алматыда жалдамалы тұрғын үйлерді тексеру барысында субарендаға беру және шартта көрсетілмеген адамдардың тұруы сияқты заңбұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2026 жылдың басынан бері Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметкерлері Наурызбай, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 3 125 пәтерді тексерді.

Тексеру кезінде пәтерлерді субарендаға беру, жалдау шартында көрсетілмеген адамдардың тұруы, сондай-ақ жалдау ақысын төлеу міндеттемелерін бұзу фактілері анықталды.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы орган берген тұрғын үйді жалдаушылар қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды кіргізуге құқылы емес. Жалдамалы тұрғын үйді субарендаға немесе үшінші тұлғаларға беру жалдау шартын бұзуға негіз болып табылады.

Қазіргі уақытта босатылған пәтерлерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалдамалы баспанаға мұқтаждар ретінде есепте тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі.

Бұған дейін Степногорскіде қайтыс болған қазақстандықтардың жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрғаны белгілі болды.