Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі станциялардың электрмен жабдықтау толық қалпына келгенше уақытша жабық екенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 15:11-де Алматыда сыртқы электрмен жабдықтау толық өшірілгендіктен метрополитен жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне метрополитен баспасөз қызметінен хабарлады.
Метро станциялары электрмен жабдықтау қалпына келгенше және контактілі рельске кернеу берілгенше уақытша жабық. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Метрополитен жұмысының қайта басталуы туралы қосымша хабарланады, — делінген хабарламада.
Telegram-арнасы Qumash жарық өшкен кезде метродан қала тұрғындарының эвакуацияланған кадрларын көрсетті.
