...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматы мен Астанада ауа райы нашарлайды: тұрғындарға ескерту

19 қыркүйекте Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруі керек.

Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сенбі күніне дауылды ескерту жарияланды.