...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ауа райы күрт өзгереді: +31°С-тан +20°С-қа дейін

Алматыда жаңа жұмыс аптасының басында жаңбыр мен екпінді жел болады, күндізгі және кешкі уақытта найзағай ойнауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

19 қыркүйек: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.

20 қыркүйек: айнымалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

21 қыркүйек: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел батыс, солтүстік-батыстан 3-8, түнде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

22-23 қыркүйек: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

24-25 қыркүйек: айнымалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +20+22°С.

2026 жылдың қазаны Қазақстанда қандай болатынын осы сілтеме арқылы білуге болады.