...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мектептерінде қауіпсіздікті күшейту: 17 мың камера мен видеоаналитика енгізіледі

Алматыдағы барлық білім беру ұйымдары тәулік бойы ішкі және сыртқы бейнебақылаумен жабдықталып, жедел басқару орталығына қосылады. Мегаполисте мектептердегі қауіпсіздікті күшейту жоспарлануда: бейнекамералардан бастап видеоаналитика мен жасөспірімдермен профилактикалық жұмысқа дейін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл мәселелер құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында басты тақырыпқа айналды. Себебі өте маңызды: елде оқу орындарындағы зорлық-зомбылыққа қатысты алаңдатарлық жағдайлар жиілеп кетті.

«Өкінішке қарай, Алматы қаласында да белгілі бір тәуекелдер сақталуда. Жасөспірімдер арасында буллинг, суық қару қолдану, «миналау» туралы жалған хабарламалар орын алуда. Мұндай әрбір жағдай біз үшін нақты дабыл болып табылады. Біз осындай қауіптердің алдын алу үшін жүйелі және нақты шаралар қабылдауымыз керек. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі қоғамның ең қасиетті құндылығы және мемлекеттік саясаттың мызғымас басымдығы болып табылады. Біз әрбір баланың өмірі мен тағдыры үшін толық жауапкершілік аламыз», — деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Дархан Сатыбалды мектептер мен колледждердегі профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Барлық білім беру ұйымдары тәулік бойы ішкі және сыртқы бейнебақылаумен жабдықталып, жедел басқару орталығына қосылады. Жоспарда кадрларды талдауды енгізу: бұл күдікті әрекеттерді анықтауға және жағдай бақылаудан шыққанға дейін қауіпті қозғалыстарды бақылауға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматыдағы 225 мемлекеттік мектептің барлығында 17 570 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 17 мыңнан астамы полиция департаментінің жедел басқару орталығына интеграцияланған. Target Eye бағдарламасының көмегімен камералар ювеналды полиция қызметкерлерінің планшеттеріне шығарылған, бұл жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді», — деді Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Дереккөз: Almaty.tv