
Алматы маңындағы тауда бір адам жоғалып кетті. Құтқарушылар шұғыл түрде іздеуге шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабар 112 нөміріне түскен. Бес адамнан тұратын топ Букерев шыңынан түсіп келе жатқанда, қатысушылардың бірі адасып, маршрутты өз бетімен жалғастыра алмаған.
Ведомство тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, жақындарына қозғалыс туралы хабарлап, ауа райы жағдайы мен өзінің физикалық дайындығын ескеру қажеттігін еске салды.
Бұған дейін 25 жастағы алматылық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz