Алматы облысы Талғар ауданындағы Құлжа трактінде пластик бұйымдар шығаратын цехте өрт болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру жедел штабын құрды. Су беру үздіксіз ұйымдастырылып, өртті жоюға үш жауынгерлік учаске жұмылдырылды. Сөндіруге алты су оқпаны берілді.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланды.
«112» қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматыда Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінде өрт болып, салдарынан әйел зардап шеккен еді.
