...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы маңындағы пластик шығаратын цехта өрт шықты

Құлжа трактісіндегі пластик шығаратын цехта өрт шықты. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірушілер суды үздіксіз жеткізуді ұйымдастырды. Өрт үш бөлікте сөндірілуде, алты су білтесі жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің таралуын тоқтатып, оқшаулауға қол жеткізілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмысты жалғастыруда.

Өрттің шығу себептері мен басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.

Бұған дейін Бішкектің барлық өрт сөндіру машиналары «Мадина» базарындағы ірі өртті сөндіруге жұмылдырылған болатын. Өрт 400 шаршы метр аумақта оқшауланды.