...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы хайуанаттар бағын жарты жылда 561 мыңнан астам адам тамашалады

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы хайуанаттар бағына 561 983 адам келді. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алты ай ішінде мұнда 62 экскурсия, мерекелік іс-шаралар, экологиялық дәрістер және 150 бала оқитын Зоомектеп сабақтары өткізілді.

Хайуанаттар бағының коллекциясында 386 түрлі жануар бар, жалпы саны төрт мыңнан астам, оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабы мен Халықаралық табиғатты қорғау одағының тізіміне енген түрлер де кездеседі.

Әлеуметтік қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінеді: жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар және арнаулы мекемелердің тәрбиеленушілері үшін тегін кіру ұйымдастырылған.

Дереккөз: Almaty.tv