...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Саясат

Алматыда БҰҰ жанынан Азия-Тынық мұхиттық цифрлық шешімдер орталығы ашылады

Мемлекет басшысы Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды. Оның пікірінше, елімізде технологиялық өзара байланыс, цифрлық сауда және халықаралық ынтымақтастықтың серпінді орталығына айналудың барлық алғышарттары бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Алматы қаласында БҰҰ-ның ЭСКАТО (Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) жанынан Азия-Тынық мұхиттық цифрлық шешімдер орталығы ашылатынын мәлімдеді.

Президент жасанды интеллект мүмкіндіктері адамдардың оны түсіну, бағалау және реттеудегі ұжымдық қабілеттерінен озып кеткенін атап өтті. Оның пікірінше, ЖИ дамуы бейбітшілік пен тұрақты даму қағидаттарына сай болуы керек, қарама-қайшылыққа немесе әскери бәсекеге емес.

Қазақстан ұзақ мерзімді бейбітшілік, тұрақты даму және жалпыға ортақ өркендеу үшін жасанды интеллект әлеуетін пайдалану мақсатында барлық серіктестермен нәтижелі ынтымақтасуға дайын, — деді мемлекет басшысы.

Дереккөз: Almaty.tv