...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Спорт

Қазақстандық Артем Резниковтың Алматыдағы жекпе-жегі сирек нәтижемен аяқталды

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Артем Резников ресейлік ACA лигасының Алматыдағы турнирінде жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Спортшы ACA 205 шоуының негізгі кардында өнер көрсетті. Оның қарсыласы әзірбайжандық Заур Гаджиев болды. Бастапқыда жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтетіні мәлімделген еді, алайда қазақстандық өлшеу рәсімінен өте алмай, белгіленген лимиттен асып кетті. Осы үшін оған айыппұл салынды.

Жекпе-жектің өзі үш раундқа созылды. Үш төрешінің пікірі екіге жарылды: біреуі Резниковке, екіншісі Гаджиевке жеңіс берді, ал үшіншісі тең түсуді тіркеді.

Осылайша, қорытынды нәтиже — тең түсу. Бұл екі спортшының мансабындағы алғашқы тең нәтиже болды.

29 жастағы Гаджиевтің кәсіби аралас жекпе-жекте төрт жеңісі және бір жеңілісі бар. Сонымен қатар, ол поп-ММА-да белсенді өнер көрсетеді. 34 жастағы Резниковтың еншісінде 26 жеңіс және 11 жеңіліс бар. Соңғы бес жекпе-жектің үшеуінде ол ұтылған.

Дереккөз: Nur.kz