
Алматы 21-23 мамыр аралығында Гуанчжоуда өтіп жатқан халықаралық туристік GITF 2026 көрмесіне қатысып жатыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, көрмеге әлемнің 55 елі мен аймағынан, сондай-ақ Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдерін қоса алғанда, 1000-нан астам туристік ұйым мен компания қатысуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Көрме алаңында Алматы қазақ мәдениетінің элементтері мен заманауи мультимедиялық презентациясы бар ұлттық стендпен ұсынылған. Қала туристік бағыттарды, гастрономияны, мәдени мұраны және халықаралық туризм әлеуетін көрсетіп, шетелдік туроператорлар, әуе компаниялары және сала серіктестерімен кездесулер өткізуде.
GITF 2026 аясында Алматы ең танымал мәдени бағыт деп танылды. Бұл марапат халықаралық аудиторияның қалаға деген жоғары қызығушылығын айқындап, оның әлемдік туристік картадағы орнын нығайтты.
Дереккөз: Almaty.tv