Алматы мемлекеттік ботаникалық бағындағы жасанды тоғанда тіршілік ететін алтын балықтар мен аққулар уақытша басқа орынға көшіріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, реконструкциядан кейін алты жыл өткен соң балықтар мен аққуларға пана болған жасанды тоған жоспарлы техникалық тексеруден өткізіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілуге тиіс.
Мамандар гидрооқшаулағыш мембраналар мен жабындардың жай-күйін тексеріп, анықталған ақауларды жояды.
Балықтарды көшіру — арнайы білім мен ұқыпты қарым-қатынасты талап ететін жауапты рәсім. Сондықтан саябақ әкімшілігі Алматы облысында тұқы тұқымдас балықтарды өсірумен және көбейтумен 10 жыл бойы айналысып келе жатқан бейінді ұйымды — «ТОО ИП DWS» серіктестігін тартты.
Белгілі болғандай, қыста балықтардың зат алмасуы баяулап, олар қозғалысы аз болады да, суық айларды мұз астында өткізеді.
Публикация от Главный Ботанический Сад г.Алматы (@botsadkz)
Айта кетейік, 2026 жылдың 13 қарашасында Алматыда ұзақ үзілістен кейін Ботаникалық бақ оранжереясының реконструкциясы қайта жанданғаны туралы жақсы жаңалық белгілі болды.
