
Алматы әуежайы аумағындағы құрылыс алаңында болған оқиғаға байланысты Қалалық құрылыс бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Almaty.tv тілшісінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, 11 маусым күні құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс конструкцияларының (құбырлардың) құлауы орын алған. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында тіркелген.
Қазіргі уақытта басқарма материалдарды жинап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл тексерісті прокуратура органдарында тіркеу үшін қажет. Жоспардан тыс тексеріс барысында құрылыс нормаларының сақталуына және жұмыстарды ұйымдастыруға құқықтық баға беріледі.
Егер бұзушылықтар анықталса, кінәлі тұлғаларға қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қолданылады.
Дереккөз: Almaty.tv